22.04.2024
2023 жылғы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім
Алдын-ала деректер бойынша 2023 жылғы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2022 жылға қарағанда 105,1% құрап, жедел бағалау бойынша есептелген денгейде қалды. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 36,3%, қызметтердікі – 56,4%.
Нақтылаулар ай сайынғы деректері жоқ көрсетілетін қызметтер бойынша тоқсандық статистикалық байқаулардың деректері негізінде жүргізілді. Сонымен қатар алдын-ала бағалау кезінде статистикалық байқау деректері жедел бағалау кезінде болмаған әкімшілік деректермен толықтырылады.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
Тізімге оралу